Алматыда тұрғындардың құнды заттарын қолды қылып келген қос күдікті ұсталды

22.02.2017 16:43

Алматыда тұрғындардың құнды заттарын қолды қылып келген қос күдікті қолға түсті. Олар Әуезов ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде маталған екен. Полицейлер тұтқындалған сұғанақтардың Жамбыл облысынан келгендерін айтады. Олар күндізгі уақытта тұрғындардың пәтерлеріне именбей кіріп, бағалы заттарын үптеп жүрген. Күдіктілер ұрлаған заттардың арасында ақша, тұрмыстық техникалар мен зергерлік бұйымдар бар. Қазір тұтқындалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар осыған дейін 5 рет қылмысқа барғандарын мойындап отыр.