Алматыда үстел теннисінен жеңімпаз атанған балалар Қытайға жолдама алды

29.08.2018 04:38

Алматыда үстел теннисінен «Пинг-понг ханшайымы» республикалық турнирінің финалы өтті. Жарысқа еліміздің 12 облысынан 40-қа жуық бала қатысқан.

Бас жүлдені иеленген екі қатысушыға Қытайда болатын кәсіби жаттықтырушылардың шеберлік сыныбына жолдама берілді. 2 жыл қатарынан ұйымдастырылған дүбірлі дода еліміздегі теңдесі жоқ бірден-бір әлеуметтік жоба дейді ұйымдастырушылар.  

«Бұл жобаның басты мақсаты – балаларды спортқа баулу. Салауатты өмірді насихаттау. Бәріміз білеміз, спорт  дициплинаға үйретеді. Сондықтан балалар алдарына бір мақсат қойып, оған жетуге ұмтылса, дамыса деген оймен ұйымдастырып отырмыз», – деді Алматы қаласы Әлеуметтік жобалар жетекшісі Майра ӘЛЖАНОВА.