Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі сотталды. Олар заңсыз ойын бизнесін жүргізген. Нақтырақ айтқанда, онлайн-казино арқылы халықтың қалтасын қағып отырған. Соттың шешімі бойынша, қылмыскерлер 5 пен 8 жыл аралығында жаза арқалады. Қазір қаладағы қара базарлар мен шағын дүкендерде ойын терминалдары самсап тұр. Алайда, ондай бизнеске заң бойынша тыйым салынған. Былтырғы жылы салықшылар бір ғана Алматы қаласынан 300-ге жуық ойын терминалын тәркілепті.