Алматыда ұзақтығы 66 шақырым айналма жол салынады

01.06.2018 15:27

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталды. Бұл туралы Еліміздің инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желіде жариялады. Жоспар бойынша 6 жолақты қозғалысы бар, бірінші техникалық санаттағы ұзақтығы 66 шақырым айналма жол салынады. Бұл жобаның құрылысына шамамен 3 мыңға жуық жұмыс күші тартылады. Жобаға сәйкес құрылыс жұмыстары 50 айға созылады,- деп жазған министр.