Алматыда заңсыз аяқ киім тігумен айналысқан цех анықталды

22.09.2017 02:15

¤Алматыда танымал спорттық сауда белгілерін қолданып, контрафактілік аяқ киім шығарған астыртын цех әшкере болды. Салықшылар жедел іздестіру кезінде 1500-ге жуық дайын тауарды тәркілеген. Белгілі болғаны, өндірушілер тауарларды Алматы мен еліміздің өзге де аймақтарындағы сауда нүктелерінде емін-еркін сатып отырған. Сондай-ақ, астыртын цехте 40-тан аса қызметкердің жұмыс істегені анықталды. Қазір жұртқа жалған тауар сатқан кәсіпкер тергеліп жатыр. Оған "тауар белгісін заңсыз пайдалану" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек іс материалдары сот органдарына жолданады.