Алматыда заңсыз жолмен ішімдік жасаған тағы бір азамат қолға түсті. Ол алкогольдік өнімді Алатау ауданындағы жер үйлердің бірінде әзірлеген. Тексеріс кезінде 1300 бөтелкеден астам жалған арақ пен 1500-ге жуық бақылау маркасы табылған.
Сондай-ақ бөтелке сыртына жапсыратын қолдан жасалған қағаздар да тәркіленіпті. Қазір жалған кәсіпкерлікпен айналысқан азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті тергеу жүргізілуде.
«Дайын алкогольдік өнім, кәдімгі 96 пайыздық спиртпен су араластыру арқылы жүзеге асырылған. Сөйтіп дайын болған. Тексеріс кезінде 1350 бөтелкеден астам алкоголь өнімдері табылған. Бұл көбінесе, «Байкал», «Белая лошадь», «Черная лошадь», «Беленька» деген сияқты арақтар. Сонымен қатар, 1500-ден астам жалған бақылау маркалары анықталған», - деді МКД түсіндіру басқармасының басшысы Заңғар ШЫНДАЛИ.