Жыл басынан бері елімізде халықаралық ЮНИСЕФ қоры арқылы ВИЧ инфекциясын жұқтырған 11 мыңнан астам адамды емдеуге дәрілік препараттар сатып алынған. Бұрын бұл көрсеткіш 4 мыңды құрады. Аталмыш жоба еліміздің ВИЧ жұқтырғандармен тығыз жұмыс жасайтын тәуелсіз одақтың бастамасымен іске асқан. Мұндай істің басы-қасында жүрген алматылық азамат. Бүгінде бұл тұлға да «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты жобасына ұсынылып отыр.
Нұрәли Аманжоловтың қоғам үрке қарайтын жұқпалы ауруға шалдыққан адамдармен жұмыс жүргізіп жүргеніне 20 жылдай уақыт болды. Ол еліміздегі СПИД-ке шалдыққан азаматтарға арналған одақ құрған ең алғашқы адам ретінде танылған. Түрлі марапатқа ілігіп, ел алғысын да бөленіп жүр.
«Біз жуырда дәрі-дәрмектердің бағасына сараптама жасап көрдік. Нәтижесінде, еліміз жұқпалы аурумен сырқаттанатын адамдарды емдеу үшін ЮНИСЕФ қоры арқылы сатып алуға үлкен мүмкіндік туды. Демек, біз бұрын 4 мың адамға шақталған препараттар ала алатын едік, қазір 11 мыңдай ВИЧ-ке шалдыққан азамат тегін дәрі ала алады», - деді «Қазақстанның ЖИТС жұқтырғандар» одағының президенті Нұрәли АМАНЖОЛОВ.
Тәуелсіз қауымдастықтың есебінше, елімізде адам иммундық тапшылығының вирусын жұқтырғандар саны 21 мыңнан асып жығылады екен. Оның 3 мыңнан астамы Алматыда тұрады. Ал одақтың басты міндеті жаны жараланған адамдарға кеңес беру, ем-дом алу үшін дұрыс бағыт-бағдар көрсету.
Ал Тілеуберді Кеңесбайұлы Сызғанов атындағы ғылыми институтта еңбек етіп жүргеніне 20 жыл болған. Ол «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетел асып білім алып, қазір жұртқа сәтті оталар жасап жүрген маман. Елімізде ең алғаш рет жүргізілген бауыр трансплантациялау операциясына қатысқан ақ халаттылардың бірі.
«2011 жылы біздің және Беларусия хирургтарымен үлкен операция жасалған болатын. Тұңғыш рет туыс бауыр трансплатациясы жасалған болатын. Сол науқасты біз емдеп, аман-есен алып шыққан болатын. Сол кезден бастап 100-ге тамандап қалды бауыр трансплантациясының операциясын жасап жатқанымызға», - деді Сызғанов атындағы анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі Тілеуберді ҚУАНДЫҚОВ.
Қазір «Қазақстанның 100 есімі» жобасына қатысуға 2 жарым мыңға жуық азаматтан өтініш келіп түскен. Өтінімдерді қабылдау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.
Назкен Байтілес, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы