Алматыдағы базарларда сатушылардың денсаулығын жаппай тексеруде

12.07.2017 14:55


Саудагерлер сырқаты. Алматыдағы базарларда дәрігерлер сатушылардың денсаулығын жаппай тексеруді бастады. Олардың қан қысымы, қант құрамы тексеріліп, онкологтар кеңес беруде. Тіпті, рентген аппараты да іске қосылған. Дәстүрлі түрде өтетін шара барысында саудамен нәпақасын тауып жүргендер арасында қандай ауру түрі анықталуда. Дәрігерлермен бірге тексеру жұмысына тілшіміз Перизат Көмекбайқызы қатысып қайтқан болатын. Республикалық Денсаулық жолы кең ауқымды шарасы туралы сұрап білсек.  

Перизат, Саудагерлерді тексеру шарасы дәстүрлі түрде жүргізіліп отырады екен? Осы уақытқа дейін қандай қорытынды шықты?

Иә, Денсаулық жолы акциясы жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Жылжымалы медициналық орталық базар маңында орналасады. Бұл шара Алматыдағы Жетісу ауданында бастау алды. Дәл осы ауданның мамандары осы уақытқа дейін 700-ге жуық азаматтың денсаулығын тексерген. Соның 200-ден астамында түрлі сырқат анықталыпты. Басым бөлігінде холестерин мөлшері шамадан тыс болған. одан кейінгі кезекте семіздік дерті дендепті.

Саудагерлердің сырқатын анықтауға терапевт, кардиолог, маммолог, эндекринолог және онколог мамандар келіп, дәрігерлік кеңес берді. Тіпті дәл осы жерден-ақ жұқпалы аурулар мен қант диабетіне қан тапсыруға болады екен. Одан бөлек, өкпені рентгенге түсіру үшін жылжымалы көлікте әкелінген. Сонымен қатар, елімізде басталған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша да түсіндурі жұмыстарын жүргізді.

«Ноутбук интернетімен алып келдік. Кез келген адам осы жерден келіп қарап, қай емханаға тіркелген және осы емханаға тіркелмеген болса, тағы да түсіндіріп жатырмыз қалай тіркелу керек екендігін. Оған тек өзінің арызын ғана жазу керек сол емханасына барып солай тіркеледі. Және де өзінің статуысын анықтау керек»,- деді Жетісу ауданының бас дәрігері, Майра ЖҮНІСОВА.

Дәрігерлердің айтуынша, базардағы саудагерлердің арасында жүрек, өкпе және бүйрек аурулары жиі кездеседі екен. Бірақ күнкөріс қамымен күнделікті күйбеңмен жүріп, базардағы жұрт ауруханаға бармайтын көрінеді. Сондықтан мұндай игі шара жиі өткізіліп тұрса дейді сатушылар.

Әркімнің қолы тие бермейді емделуге денсаулығын түзеуге, мына жақта тамаша болды өзім Талдықорғаннан келіп, куә болып денсаулығымды тексеріп алдым.

Мен былтыр да көрінгенмін осы қыздарға биыл да көрініп жатырмын. Қыздарға ризамын. Осылай келіп тұрсын.

Бастау алған ауқымды шара осы айдың аяғына дейін жалғасын таппақ. Осы уақыт аралығында мамандар қаладағы барлық базар қызметкерлерін тексеріп шықпақшы.

Перизат Көмекбайқызы, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы