Алматыдағы Гоголь көшесінің бойындағы жер үйлердің кейбірі сүрілмек

05.10.2017 01:50

Алматыдағы Гоголь көшесінің бойындағы жер үйлердің кейбірі сүрілетін болды. Мәслихат депутаттары Дат сәулетшісі Ян Гейлдің жобасы бойынша Гоголь көшесін кеңейтіп, жан-жағын абаттандырмақ. Ол үшін қалалық қазынадан 26 млн теңгеден аса қаражат қажет екен. Одан бөлек, "батыс" автовокзалын салу үшін және онкологиялық орталықтың құрылысын бастауға қосымша жер телімдерін алу қарастырылып жатыр.