Алматыдағы «Көкжиек» ықшамауданында көпқабатты үйден өрт шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы «Көкжиек» ықшамауданында көпқабатты үйден өрт шықты. Қызыл жалын 5 қабатты үйдің бет жағын жалмаған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 16.11-де жетті, мамандар 300 адамды эвакуациялаған. Тілсіз жау 18.06-да ауыздықталды. Жалынды сөндіруге 70-тен астам маман мен 20 арнайы техника жұмылдырылған. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қызыл жалын мың шаршы метрді жалмапты. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Толығырақ сағат 21.00-дегі орыс тіліндегі жаңалықтардан білесіздер. Оқиға орнында арна тілшілері жүр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23