Алматыдағы «Көкжиек» ықшамауданында көпқабатты үйден өрт шықты

06.04.2018 в 00:38

Алматыдағы «Көкжиек» ықшамауданында көпқабатты үйден өрт шықты. Қызыл жалын 5 қабатты үйдің бет жағын жалмаған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына  сағат 16.11-де жетті, мамандар 300 адамды эвакуациялаған. Тілсіз жау 18.06-да ауыздықталды. Жалынды сөндіруге 70-тен астам маман мен 20 арнайы техника жұмылдырылған. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қызыл жалын мың шаршы метрді жалмапты. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Толығырақ сағат 21.00-дегі орыс тіліндегі жаңалықтардан білесіздер. Оқиға орнында арна тілшілері жүр.


Теги: көкжиек