Алматыдағы колледждердің бірінде кәсіптік білім беретін ресурс орталығы ашылды. Бұдан былай жұмыссыз жүрген мүгедек жастар осында түрлі жұмысшы мамандықтарды меңгере алады. Оның қатарында тігінші, етікші, көлік жөндеушілер бар. Толығырақ Жадыра Омаржан жалғастырсын.
19 жастағы Нұржау Қанғожа 3-ші топ мүгедегі. Денсаулығында ақау болғанмен, іске келгенде пысық жігіт. Ол, ағаштан түйін түйетін шебер. Биыл өзі қалаған Алматыдағы технологолиялық колледждердің біріне оқуға қабылданыпты. Мамандығы - «ағаш ұстасы». Оқуда озат. Өйткені, алға қойған мақсаттары бар. Ақыл-ойының дамуында кемістігі бар Нұржау Алматыға арман қуып келген.
«Шығыс Қазақстан облысы Өскеменнен келгем. Өскемен қаласынан. Оқуға келдім. Мен жақсы оқимын. Осы мамандықты таңдадым. Өйткені, мебельный цех ашсам деп армандаймын»,- деді Студент, Нұржау ҚАНҒОЖА.
Бұл технологиялық колледжде Нұржау секілді мүмкіндігі шектеулі 114 студент оқиды екен. Одан бөлек, дені сау тағы 670 ізденуші бар. Оқу ордасының басшылығы басты назарды мүгедек тәлімгерлерге бөлген. Колледжде "Тігінші", "Автокөлік жөндеу және оған қызмет көрсету", "Модельер-пішуші", "Гүл өсіруші" мамандықтары бар. Жаңадан ашылған ресурс мүгедек студенттерге 2 жыл ішінде кәсіптік білімді меңгеріп шығуға септеседі.
«Кәсіптік білім беретін және әлеуметтік бейімдеу ресурс орталығын ашуға Алматы қаласының әкімдігі көмектесті. Өйткені, онымен бірге тағы жұмысқа сурдо аудармашылар, психологтар, дефектолог және қосымша педагогтарды алу керек. Кейде арнайы тасымалдайтын инво такси де қажет. Оған да жәрдемдесіп жатыр»,- деді Аударма, Айтбек СӘРСЕНҒАЛИЕВ.
Колледждің мүмкіндігі шектеулі студенттеріне әзірге он шақты компания ғана көмектесіп жүр. Олар жылда өндірістік тәжірибеден өткізіп, жұмыс табуға жәрдемдесетін көрінеді. Енді оқу орнының басшылығы қаладағы басқа да мекемелердің мүгедектерге жұмыс орнын ашса деп отыр.
Жадыра Омаржан, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы