Алматыдағы көпқабатты үйлерге жылу беріле бастады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 8 мыңға жуық көпқабатты үйдің 900-іне жылу берілді. Ал, әлеуметтік нысандар толық жылумен қамтылған. Алып шаһарда жылу беру маусымы 6 қазанда басталды. Айта кетейік, биыл қалада жөнделген құбыр ұзындығы былтырғыдан 3 есе көп. Жаңадан төселген құбырларға қашықтықтан бақылайтын жүйе орнатылған. Бұл өз кезегінде ақаулардың қай жерден шыққанын бірден анықтауға мүмкіндік береді.

¤«Осы жылы 32 шақырым жылу құбырын алмастыру жоспарланды. Ол жұмыс аяқталды. Оның басым бөлігі магистральді құбыр. Осы мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттен 20 миллиард теңге қаржы бөлінді. Құбырларды жаңарту бойынша технологиялық жағы толық бітті. Тек қалпына келтіру жұмыстары қалды», - деді  «Алматы жылу жүйесі» ЖШС Бас инженері Дмитрий КИРДЯЙКИН.


Новости партнеров