Алматыдан 1 триллион 259 миллиард теңге салықтық түсім түскен екен

10.01.2017 16:51
Алматы әлі де еліміздің басты доноры. Былтыр қала қазынасына 1 триллион 259 миллиард теңге салықтық түсім түскен екен. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 223 миллиардқа көп. Қаржы қыспағына қарамастан, қала басшылығы мемлекет қаражатын үнемдей білді. Әсіресе, мемлекеттік тапсырыс кезінде, жол айрықтарын салу мен Универсиада нысандарын тұрғызу кезінде қомақты қаражат үнемделіп қалған. Ал, мектептер мен бөбекжайларды салуға қалтасы қалың кәсіпкерлер септескен. Одан өзге, Алматыға қызыққан инвесторлар көп.