Алматылық кәсіпкерлер әлемде мойындалады

06.12.2016 15:01

Алматылық кәсіпкерлер бизнесте топ-көшбасшылықты меңгергеннен бөлек, әлемде мойындалады. Іскерлерге кәсіпті дөңгелетуді үйрететін бағдарламен дәріс беретін қаладағы бизнес мектеп - Орталық Азия аумағында тұңғыш болып 5 жылға дейін Ұлыбританияның АМВА акредитациясын алды. Бұл өз кезегінде акредиттелген бағдарламамен оқыған түлектердің бизнестің әр саласында жемісті еңбек етуіне ықпал етеді. Әрі, олардың дипломдары әлемдегі үздік университеттерде мойындалады. 20 жыл толған бағдарлама бойынша  Қазақстанда 4000-нан астам адам білім жетілдірген. Олардың қатарында белгілі топ-менеджерлер мен кәсіпкерлер бар.


 «Алматы қаласы ол жеке бизнестің, банктердің, жеке капиталдың қаласы. Негізгі Алматының ең үлкен өтімді жері - ол біздің студенттеріміз. 137 мың студент Қазақстан бойынша Алматы қаласында оқиды. Алматы қаласын сосын оқудан кейін көбісі тұратын жері ретінде, жұмыс істейтін жері ретінде таңдайды. Алматы қаласында өз білімін алып, оны экономиканың дамуына жұмсайды»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан Байбек.