Алматылық кәсіпкерлерге жасалатын тексеріс азайды

09.02.2018 22:52

Алматылық кәсіпкерлерге жасалатын тексеріс азайған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері аталған шараны 9 есеге қысқартыпты. Мұндай көрсеткішке арнайы бағалау бағдарламасы сеп болған. Енді төтеншеліктер қауіптілігі жоғары дүкендер мен сән салондарына бақылауды жылына бір-ақ рет жүргізеді. Сонымен қатар, бизнесмендер өздерінің нысандарын аудиторлық компанияларға тексертіп, нәтижесін құзырлы орындарға өткізуге мүмкіндік алды.

«Қауіптілігі жоғары нысандар жылына бір рет тексеріледі. Ал басқа да кішігірім дүкендер мен шаштараздарға себепсіз шүйлікпейміз. Тек арыз, шағым түскен жағдайда ғана біздің мамандар баратын болады»,-деді Алматы қаласы ТЖД өкілі Айдос НҮСІПБАЕВ.