Тәуелсіздікке тағзым! Наурызбай ауданының оқушылары Республика алаңындағы монументке гүл шоқтарын қойды. Өскелең ұрпақ осылайша құрмет көрсетуді жөн деп шешкен. Сондай-ақ оқушылар тарихи шешімді бірауыздан қолдайтындықтарын айтты. Есте болса, Тұңғыш Президент күні қарсаңында Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгертілген болатын.
«Осы көшені қазақша атаумен атау керек деген ұсыныстар көп түскен болатын. Жалпы мен осы ұсынысты қолдаймын. Назарбаев ол біздің тарихта қалатын адамдарымыздың бірі. Яғни, ұлы тұлғалардың бірі болғандықтан осы Фурманов көшесін Назарбаев даңғылына ауыстырғанына мен толықтай қосыламын», - деді Алматы қаласы №174 мектеп-гимназиясының оқушысы Әнел ШЕРЕНОВА.