Алматылық прокурорлар 4 жеке кәсіпкердің құқықтарын қорғап қалды

22.11.2017 20:52

Алматылық прокурорлар 4 жеке кәсіпкердің құқықтарын қорғап қалды. Алмалы аудандық қадағалау орнының өкілдері қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті мен Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының 4 қызметкеріне әкімшілік іс қозғаған. Аталған орган өкілдері өкілеттіліктерін асыра пайдаланып, тиісті тексеріс барысында кәсіпкерлік кодексінің талаптарын өрескел бұзған. Нәтижесінде Алматы қаласының мамандандырылған  ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен уәкілетті мемлекеттік орындардың тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 45 мың 380 теңге айыппұл салды.

«Алмалы аудандық прокуратурасы 4 жеке кәсіпкерлерді заңсыз түрде тексергені үшін, яғни мерзімінен тыс тексергені үшін, актілерді уақытылы қолдарына бермегені үшін, 4 мемлекеттік органдардың, айта кетсек, мемлекеттік кірістер басқармасы және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері жауапкершілікке тартылды», - деді Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан ЕРТАЕВ.