Алматының Алатау ауданында 241 көше жол салуды қажет етеді

21.04.2017 16:05

Алматының Алатау ауданында 241 көше жол салуды қажет етеді. Биыл тек 13 көшеге жаңадан жол төселмек. Аудан тұрғындарының басым бөлігі жол құрылыстарының уақытылы аяқталмайтынын айтып жиі шағым түсіретін. Ал аудан басшылығы ауқымды жобаларды қолға алған көрінеді.