Алматының аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды

Алматының аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының екі бірдей ауданына жаңа әкімдер тағайындалды. Бұдан былай Алатау ауданын Шахмерден Рыспаев басқарады. Оның кандидатурасын қалалық маслихат пен президент әкімшілігі мақұлдаған. Ол, оған дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған әрі мемлекеттік қызметте 16 жылдан бері еңбек етеді. Ал, Жетісу ауданының басшылығына Мұхтар Тәжібаев жайғасты. Бүгін, жаңа аудан шенділерін қала әкімі Бауыржан Байбек таныстырды. Тәжібаев осы уақытқа дейін Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары болған. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада кадрлық өзгерістер орын алған еді. Алатау ауданының бұрынғы басшысы Бағдат Мәнізоров Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалған болатын. Ал, Жетісу ауданын басқарған Талғат Разақов Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына басшы болып барды.


Новости партнеров