Алматының аудандарында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар өтуде

22.03.2018 16:28

Алматыдағы 5 аудан Наурызды тойлауды кеше бастап кетті. Әуезов ауданында өткен мерекелік шараға халық көп жиылды. Көктемнің жайма шуақ күнінде көшеге шыққан ақсақалдар төс қағыстырып, аман-саулық сұрасып жатты. Үлкендер ортаға шығып би биледі, жастар ұлттық спорттық сайыстарда бақ сынасты. Бірі асық атып, арқан тартса, енді бірі қол күрестіріп, гір тасын кім мықтыны анықтады. Сондай-ақ «Көктем шақырады» киіз үй қалашығы ұйымдастырылып, мерекеге келген қонақтарға ұлттық тағамдар, наурыз көже мен бауырсақ таратылды.

Бостандықтар да әз-Наурызда бар сән салтанатымен қарсы алды. Бас мәзір наурыз көжеге кезекке тұрғандардың қарасы көп болды. Бауырсақ секілді сусындар да аста-төк құйылып жатты. Бұдан бөлек, шараны тамашалауға келгендердің назарына қолөнершілер де ілікті.

Әз-Наурызда ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді. Тоғызқұмалақтан жарыс өтіп, әлділер күш сынасып, белдесті. Түрксібте кемінде жеті түрлі дәмнен жасалатын қасиетті тағам, палау және бауырсақ 5 мың адамға берілді.

Ұлық мерекедегі жұртты ерекше қызықтырғаны - қой көтеру жарысы болды. Жетісу ауданы өнерпаздары қазақы күй мен биге кезек берді. Ашық аспан астында әннен шашу шашып, мың бұралған бишілер халық көңілін көтеріп тастады.



Теги: Наурыз