Алматының қоғамдық көліктері жаңартылмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл әзірге ұсыныс қана. Сөйте тұра, әлеуметтік желіде бұл жайтты қызылкеңірдек болып талқылап жатқандар көп. Ал жауаптылар болса, мұндай жаңашылдықты елордадағы автопарктердің өз шығындарын жаба алмауымен байланыстырып отыр. Есесіне, қоғамдық көліктерге орнатылған төлем аппараттары тиісті қызметін атқарады екен. Сондай-ақ, бөлінген қаржы да далаға кетпейтін көрінеді. 

Халық назарына ұсынылған жоба әлі қабылданбаса да, қоғам арасында қызу талқыға түсті. Коммуналдық төлем есебінен керек жеріңізге тегін жете аласыз. Тек айына, 3857 теңге төлеуіңіз қажет. Мейлі өз көлігіңіз болса да, қоғамдық көлікті пайдаланбасаңыз да. Жауаптылар тариф бағасын көтергенше, осылай жасауды жөн деп тауыпты. Сонда ғана шығын шықпайды.

«Біз бұл ұсынысты жариялау арқылы қоғамның пікірін білгіміз келді. Түрлі қалалардың тәжірибесіне сүйенсек, оларда жолаушылардың бірыңғай картасы бар. Сол арқылы азаматтар барар жеріне тегін жетеді. Қалай болғанда да олар арнайы тіркеу жасайды. Сол себепті сатып алынған құрылғылар өз міндетін орындайды немесе қосымша амалын табамыз. Ақша далаға кетпейтін болады», - деді Жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Бекмырза ИГЕНБЕРДИНОВ. 

Талқыға түскен бұл жобаны қолдаушылар мен қарсылық білдіріп жатқандар көп. Күнделікті автобуспен қатынайтындар қазір 7500 теңгеге бір айлық жол жүру картасын алады. Жиі мінетіндер екі есе үнемдейді. Ал қоғамдық көлікті сирек пайдаланатын тұрғындар үшін бұл тиімсіз екен.

«Астана ЛРТ» компаниясына қоғамдық көлік жүйесін дамыту үшін әкімдік жылына 80 миллиард теңге бөледі. 

Еске сала кетейік, Астана қаласының әкімі осыған дейін, қоғамдық көлікті тегін қылуды, ол үшін айсайын жарна ретінде 3800 теңге төлеуді ұсынған болатын. Ол әр пәтер иесіне коммуналдық төлемге қосымша болып келеді.  

Азамат Әуезхан, Олжасбек Мәден, «Алматы» телеарнасы Астана


Новости партнеров