Алматының Колхозшы ықшам ауданы көгілдір отын қосылды

20.12.2016 16:37

Колхозшы ықшам ауданы көмірден көгілдір отынға ауысты. Өткен жылы Алматы қаласына қосылған елді мекеннің жолдары жасалған-ды. Биыл тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай орталықтандырылған газға алғашқы төлемсіз қосылуда. Көгілдір отын құбырларын тарту жұмыстары үшін жауапты мекеме тарапынан 150 млн. теңге бөлінген. Ықшам аудандағы барлық баспананы газбен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы жылдың көктемінде аяқталады. Тақырыпты толығырақ тілші тарқатады

 

Бұрыңғы Калхозшы ауылы қазір «Калхозшы» ықшам ауданы деп аталады. Құрылғанына 40 жыл болған елді мекеннің алғашқы 10 үйі көгілдір отынға қосылды. Абдуллаевтар шаңырағы үйлерін жылыту үшін бір қыста 11 тонна көмір жағатын. Яғни, орта есеппен 132 мың теңгені құрайды. Отбасы сегіз жыл күткен орталық газға қосылды.


«Біз бұрын Алматы облысы Талғар ауданына қарайтынбыз. Ол кезде бізге тек қана уәде беретін. Қазір қалаға кірдік. Міне мейрамға, тәуелсіздік күніне орай қуанышты күн болып жатыр газ келді»,- деді Ділмұрат АБДУЛЛАЕВ.


«Былтыр ауылдың барлық көшелерін асфальттап берді. Биыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тағы бір қуанышты күн болды. Біздің ауылымызға газ берді. Барлық тұрғындар қуанып отыр»,- деді Әкімжан ТҰРСЫНОВ.


Ықшам аудандағы үйлерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету туралы жоба өткен жылы ұсынылып, мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында қабылданыпты. Барлық үйді орталық газға қосу үшін жауапты мекеме тарапынан 150 млн. теңге бөлінген. Қазір қаржының 50 пайызы игерілген.


«Біз келісім-шарт бойынша бір жылға бөліп төлеуге ұсынып жасап жатырмыз. Сонымен халық келісім-шартқа отырып жатыр. Түрксіб ауданында тағы да ұсыныстар шығып жатса, сол бойынша әрі қарай жасаймыз деп ойлаймын»,- деді "Арланстройинвест-75" ЖШС бас директоры, Жадырасын БӘКЕН.

Көгілдір отынға қосу жұмыстары басталды. Оның ақысын тұрғындар бір жылға бөліп төлей алады. Күніне шамамен 10 баспана орталық газбен қамтылады. Жоспар бойынша, «Калхозшы» ықшам ауданы алдағы жылдың наурыз айында толықтай көгілдір отымен қамтылмақ.

 

Аршын Кемелжан, Қанат Кигизбаев, "Алматы" телеарнасы