|
16.01.2018 | 09:51
1725

Алматының "Мамыр" ықшам ауданында 1200 оқушыға шақталған мектеп бой көтереді

Алматының  "Мамыр" ықшам ауданында 1200 оқушыға шақталған мектеп бой көтереді

Биыл Алматының "Мамыр" ықшам ауданында 120 орынды балабақша мен 1200 оқушыға шақталған мектеп бой көтереді. Сондай-ақ, Әуезов ауданында халық санының күрт өсуіне байланысты амбулаторлы орталық салынбақ. Қазір нысандар бойынша жобалық сметалық құжаттар құрылыс басқармасында қаралып жатыр. Енді ақпан айында мақұлдау келсе, республикалық бюджеттен қаржы сұралады. Ал, мектепке дейінгі мекемені кәсіпкерлер өз қаражаттарына салып беруге ниет білдіріпті.

«Бізге халықпен кері байланыс орнату аса маңызды. Былтыр жеке және заңды тұлғалардан 2 мыңнан аса өтініш келіп түсті. Оның 22 пайызы бір апта ішінде, ал 78 пайызы 30 күннің ішінде толықтай шешілді. Оның ішінде тұрғын үй коммуналды шаруашылық мәселесіне қатысты 520 хат, көріктендіруге 456, әлеуметтік салаға 232 хат келді. Толғантқан мәселелердің ешқайсысы қараусыз қалмады. 2017-ші жылы аудан әкімінің интернет ресурсынан бөлек, инстаграм желісіне де өтініштер келіп, қаралды», - деді Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Алтай РАҚЫМБЕТОВ.

Былтыр ауданда 30 шақырым электр желісі салынып, қайта жөндеуден өткен. Нәтижесінде, ескіру 12 пайызға дейін төмендепті. Сондай-ақ, жылу құбырының 7, су құбырының 2 шақырымы жөнделді. Әуезов ауданының "Достық", "Алтын бесік" шағын аудандарына су тарту мен жабдықтауға 3 миллиард теңге қаржы жұмсалыпты. Қазіргі таңда абонентерді жаңа желіге қосу үшін құжаттар дайындалып жатыр. Енді дәл осындай жұмыстар «Таугүл-3» шағын ауданында да жүргізілмек. Жұмыстарға 2 млрд теңге бөлініп, тіршілік нәрін тарту мен жабдықтау 2018-ші жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир