Алматының орталық көшелеріндегі көлік қозғалысы 6 күнге тоқтатылады.

20.03.2018 00:34

Наурыз мейрамын тойлауға байланысты, бұқаралық іс-шара өтетін аумақпен көлік құралдары уақытша жүре алмайды. Жергілікті полияция қызметінің мәліметінше, бүгін кешкі жетіден, Төле би көшесі Назарбаев даңғылынан бастап, Абылай хан көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі.

Бұдан бөлек, 19-шы наурыздан 25-ші наурызға дейін-- Панфилов көшесінің солтүстік бағыты, Бөгенбай батыр көшесінен Жібек жолы көшесіне дейін жабылады.  Тәртіп сақшылары аталған аумақта тізгіншілерге бағыттарын-- алдын ала жоспарлауды ескертуде.