Алматының орталық көшесінде "бәйгеге түскен" автокөліктердің бірі адамды қағып өлтірді

01.08.2017 в 16:24

Алматының орталық көшесінде "бәйгеге түскен" үш қымбат автокөліктің бірі адамды қағып өлтірді. Соққының қатты болғаны соншалық 48 жастағы жүргіншінің денесі бөлшектеніп кеткен. Жантүршігерлік жол апатынан кейін күдікті оқиға орнынан тайып тұрып, көлікті көше ортасына тастап кеткен. Терезесі сынған көлікті көрген тұрғындар көп ұзамай полицейлерге хабар беріпті. Кейін анықталғандай марқұмның жарты мүрдесі көлік салонынан табылған. Полицейлер қашқын жүргізушіні сол күні-ақ қолға түсірген. Қазір ол тергеліп жатыр.