Алматының «Саялы» шағын ауданында 200-ден аса көшет отырғызылды

15.05.2018 14:50

Алматының шалғай аудандары көркейе түспек. 700-ден астам отбасы тұратын «Саялы» шағын ауданында 200-ден аса терек пен қарағаш көшеттері отырғызылды. Айта кетейік, сәуірде өткен  республикалық акцияға қаланың 25 мыңдай тұрғыны қатысқан. Бір қызығы, өз қолымен ағаш отырғызған тұрғындарға арнайы сертификаттар мен көк өсіндерді суару, күтіп баптау туралы ақпараттар табысталды. Енді тал екен әр отбасының өз ағашы бар.