Алматының тәлімгер жастарына арнап 2020 жылға дейін 20 жатақхана салынады

09.04.2018 17:11

Алматының тәлімгер жастарына арнап 2020 жылға дейін 20 жатақхана салынады. Олардың бесеуі биыл пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 35 жасқа дейінгі жас отбасылар мен өзге жастарға да жатақхана салу жобасы құрастырылып жатыр. Қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы өткен жылды қорытындылап, биылғы жоспарларымен бөлісті. Айтуларынша, Елбасы бастамаларының бірі - студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін Алматыдағы 4 жоғары оқу орнымен уағдаластыққа қол жеткізіпті.

«Қай жоғары оқу орнының жер телімі бар, қаражаты бар ма, қандай жобасы бар, болашақта салам деген қандай жоспарлары бар? Мына 4 меморандум дегеніміз 4 жоғары оқу орны. Олардың нақты қазіргі таңда я жобасы бар, я қаражаты бар, және жері барма? Одан бөлек, мына басында айтып өткен биылғы 5 жатақхана, ол жоғары оқу орындарының өз қаражатымен, өздерінің жерлерінде жоспарлап, бастап салып жатыр», - деді Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы ШыңғыС БЕСКЕМПІРОВ.