«Алтын жүрекке» қатысушыларды ресми түрде тіркеу басталды

19.04.2018 17:17

Еліміздегі ерекше сыйлық «Алтын жүрекке» қатысушыларды ресми түрде тіркеу басталды. Қазақстандықтар ең қайырымды деген жандарды қыркүйектің ортасына дейін анықтай алады. Айта кетерлігі, биылғы марапаттың бірнеше жаңашылдығы бар. Қоршаған ортаны қорғауға үлес қосқан жанға берілетін 12-ші  номинация қосылған. Лайықты деген жандарды марапаттау үшін ұйымдастырушылар, биыл үміткерлерді тіркеуді ерте бастамақ. Сондай-ақ  қатысушыларды онлайн режимде тіркеуге болады. Жеңімпаздардың есімі дәстүр бойынша қазан айының аяғында жарияланады. Финалистерді іріктеу 3 кезеңмен жүреді.

«Бұл премияның қажеттілігі және маңызы өте зор деп есептеймін. Себебі, қайырымды істерді көрсету, қандай да бір әлеуметтік мәселе болса немесе шешілмеген сұрақ болса соны бірлесіп қана шешуге болады. Және сондай қайырымды адамдарды біз көрсете білуіміз керек», - деді "Алтын Жүрек" сыйлығының бас үйлестірушісі Эльмира ҚЫДЫРМОЛЛАЕВА