«Алтын Орда» маңындағы жол кеңейтілмек

08.08.2017 16:15

«Алтын Орда» маңындағы жол кеңейетін болды ақыры. Сиырқұйымшақтанған бұл мәселені жауаптылар Үкіметке жеткізген. Сөйтіп, тың жоба түбінде қолдау тапқан. Жоспар бойынша, «Алматы-Бішкек» тас жолының 4 шақырымы күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, жерүсті өткелі мен айналмалы эстакаданың құрылысы да қолға алынбақ. «Алтын Орда» базары аумағындағы жолдан тәулігіне 50 мың автокөлік жүріп өтеді екен. Сол себепті, тас жолдағы көліктердің қозғалысын жеңілдету үшін 8 және 10 жолақты жол төсеу жоспарланып отыр. Олардың екеуі транзиттік көліктерге бөлінсе, қалғаны жеңіл көліктердің жүруіне арналған.  Жобаның құны - 12 миллиард теңге. Ал құрылыс-монтаж жұмыстарына биылдың өзінде 800 миллион теңге бөлініпті. Екі кезеңнен тұратын күрделі жөндеу жұмыстарының құрылысын 2019 жылы аяқтау көзделуде. Мұның шеңберінде облыс аумағындағы 53 жер учаскесі мемлекеттің қажеттілігіне беріледі.