«Алтын Орда» маңындағы жолдарды жөндеу бойынша дайындық басталды

21.11.2017 22:39

Алматыда «Алтын Орда» базары маңындағы жолдарды жөндеу бойынша дайындық жұмыстары басталды. Қазір аталған аумақта толықтай коммуникацияны қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Техникалар мен жұмыс бригадалары құрылып, мердігер компанияларға алдын ала төлем де жасалыпты. «Дайындық жұмыстары көктемге дейін жүреді», - деді "ҚазАвтоЖол" мекемесінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Республикалық маңызы бар «Алматы – Бішкек» тасжолының 16-шы шақырымынан 19-шы шақырымына дейінгі жолды кеңейту жұмыстары осы жылдың қарашасына белгіленген болатын. "ҚазАвтоЖол" мәліметі бойынша, бұл жобаны 2019 жылға дейін бітіру жоспарланған.