Әміре өзін Димашпен салыстыратындарға жауап берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Әр адамның өз дара жолы бар». Беларусияда өткен «Славян базары халықаралық өнер фестивалінде 1-ші орын алған Әміре өзін Димаш Құдайбергенмен салыстыратындарға осылай жауап қатты.

Жеңіспен оралған жас әнші Димашты баяғыдан танитынын және оның өнерін сыйлайтынын айтты. Дегенмен, жолымыз бен өлең айту стиліміз екі бөлек дегенді де қоса кетті Әміре. 

«Әрдайым айтудан жалыққан емеспін, Димашпен баяғыдан таныспын, оны досым ретінде, әріптесім ретінде қатты сыйлаймын. Жүрген жерімізде бір-бірімізді қолдап жүреміз, «Славян базарында» да қуанышпен көрістік. Димашқа тек қана сәттілік тілеймін. Ал бізді салыстыратындарға айтарым, әр адамның өз дара жолы бар», – әнші Ернар (Әміре) САДЫРБАЕВ.

Айта кетейік, биылғы «Славян базары» ән байқауында отандасымыз 20-дан астам елдің өкілдерін оза шауып, румыниялық қатысушымен бірдей - 156 ұпай жинаған еді. Алайда, фестивалдегі әділ-қазылар алқасының төрағасы бас жүлдені Румыния әншісіне беріп, Әміреге 1-ші орын бұйырған еді. 

Новости партнеров