|
24.10.2017 | 17:10
984

Ан-28 ұшағы Қазақстан аумағында уақытша ұшпайды

Ан-28 ұшағы Қазақстан аумағында уақытша ұшпайды. Өйткені, Азаматтық авиация комитеті жуықта болған ұшақ апатының себебін анықтағанша ИСТ УИНГ әуе компаниясындағы барлық Ан-28 ұшақтарына аспанға көтерілуге тыйым салды. Естеріңізге сала кетсек, ай басында Алматы облысында АН-28 санитарлық авиация ұшағы құлаған болатын. Салдарынан, борттағы үш экипаж мүшесі мен қос білікті дәрігер өртеніп кеткен еді. Әуе кемесі Шымкенттегі халі мүшкіл келіншекке көмек көрсету үшін аттанған-ды. Бірақ, ұшақ аспанға көтерілгеніне 12 минут өтпестен, Алматы маңындағы Междуречинск ауылы түбінде апатқа ұшыраған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир