Алматының өнерлі қарттары концерт қоюда

23.02.2018 22:42

Алматының өнерлі қарттары «Рухани жаңғыр» бағдарламасы аясында концерт қоюда. Соның бірі Наурызбай ауданының ардагерлерінен құрылған «Арай» ансамблі. Шығармашыл ұжымда 65 адам бар. Олар кезінде сан-салада еңбек етіп, бүгінде зейнетке шыққан. Дегенмен, қарттар үйде қол қусырып отырмай, ел-елді аралап, өнерлерін паш етуге кірісіпті. Ең қызығы, өнерлі қарттың ең жасы 60-тан асса, үлкені 90-ға таяған. Соған қарамастан, қариялар сахнаға шығуға асық екен.

«Халық өте жылы қарсы алады. Көбірек көргісі келеді, көбірек осылармен кездесу керектігін айтып жүр. Басында олар қиналып келіп еді. «Не болар екен, қалай болар екен?» деп. Кейіннен үйреніп алып, қай уақытта жаттығу болады, қай жерде болады деп, өздері қайта көбірек бізді қамшылап, жағдай жасауға итермелеп отыр», - деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы ардагерлер алқасының төрағасы Мәдениет КӘРКЕНОВ.