Алматыдағы инвесторлар сыбайлас жемқорлықтан жан-жақты қорғалады

08.08.2018 17:31

Алматыдағы инвесторлар сыбайлас жемқорлықтан жан-жақты қорғалмақ. Осы мақсатта Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті арнайы жоба әзірледі.

Жоба аясында департамент шетелдік компаниялардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтарға барынша қолдау көрсетіп, қолайлы жағдайлар туғызбақ.

«Еліміздің кәсіпкерлері және шетелден келген кәсіпкерлерде сұрақтар және жұмыстарының ары қарай жүруіне қатысты көмек қажет болып жатса, осы жоба аясында көмек көрсетеміз. Бұл аталмыш агенттікпен біріге отырып құрылған жобалық кеңсе. «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының» Алматы қаласындағы кеңсесінде жұмыс атқарады. Кеңсе Достық көшесі, 202 үйде орналасқан. Осы мекенжайға келіп, бізбен сөйлесіп, мұң-мұқтажы болса айтуларына болады», – деді «Kazakh Іnvest» ҰК» АҚ Алматы қаласы бойынша аймақтық директоры Жандос ОРАЗАЛИЕВ.