Елімізде қызметкерлер кез келген мейрамға қарсы сыйақы алмайтын болды

26.01.2018 22:07

Еліміздің 4 мемлекеттік органында қызметкерлер кез келген мейрамға қарсы сыйақы алмайтын болды. Бұл пилоттық жоба әзірге жемқорлыққа қарсы агенттік, Әділет министрлігі, Астана қаласында және Маңғыстау облысының әкімдігінде ғана іске қосылған. Нәтижелі болса, барлық мекемелерге де енгізілуі бек мүмкін. Жаңа жүйенің ерекшелігі сол, жалақы енді мемлекеттік қызметкердің лауазымы, тәжірибесі мен біліміне қарай белгілі бір шкала бойынша тағайындалады. Сыйақы болса жөн-жосықсыз берілмей бонустық жүйеге ауысады. Енді жасаған жұмыс пен қол жеткізген нәтижелер баллдық жүйемен есептеледі. Бүгін Алматыда есеп берген жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 12 ай бойы атқарған жұмыстарымен бөлісті. Мамандар сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды анықтау мен азайту үшін 18 органға талдау жүргізген.

«Талдаудың нәтижесінде, 284 тәуекел анықталды. Осы тәуекелдерді жою үшін тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданды. Бүгінгі 300-ден астам бүгінгі таңда ол 97 пайыз  сол ұсыныстардың бәрі орындалды. Ол тәуекелдер мына нормативтік құқықтық актілердің ішінде колициялар анықталды», - деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айгүл БАЙХАНОВА.