Қырғыз Республикасында тікұшақ апатқа ұшырап, олар Қазақстаннан көмек сұрады. Таулы жерде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары тікұшақ жіберген. Белгілі болғандай, арнайы туристік рейспен Бішкек-Оңтүстік Эмильчук бағыты бойынша 3900 метр биіктікте МИ-8 тікұшағы бір қырымен құлаған екен. Соның салдарынан 3 адам зардап шекті. Тіқұшақта барлығы 13 адам, оның ішінде, 9 турист, 1 гид және 3 экипаж мүшесі болған. Туристердің ішінде Қазақстан азаматтары болмаған.
«Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары дер кезінде арнайы медициналық көмек көрсетті. Тікұшақтағы адамдарды Қырғыз Республикасының Чаркудык елді-мекеніне жеткізген. Төтенше жағдайлар департаментінің «Қазавиақұтқару» тікұшағы қазақстандық құтқарушылармен бірге өз жұмыстарын сәтті аяқтап, елге оралды», – деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан ИМАНҚҰЛОВ.