Арабтар кезекті рет қызыл кітапқа енген құстарды заңсыз шет ел асырмақ болды

06.12.2017 20:50

Арабтар кезекті рет қызыл кітапқа енген құстарды заңсыз шет ел асырмақ болды. Алматы әуежайында 14 сұңқарды контрабандалық жолмен Катарға алып кетпекші болғандардың ағаш жүктері шекарашылардың күдігін тудырған. Тексеру барысында қораптарға еліміздің заңымен қорғалған жыртқыш құстар тығылғаны әшкере болды.  «Алматы-Доха» бағыты бойынша ұшып бара жатқан күдікке ілінген жолаушыларға қатысты  қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.