Аргон ұлттық зертханасының ғалымдары тың тазалағыш ойлап тапты

10.03.2017 15:55

Жылда теңіз бен мұхитқа мұнайдың мыңдаған баррелі апат, танкерлердің жанармай шанын тазарту кезінде суға ағып жатады. Осы күнге дейін қоршаған ортаға өлшеусіз зиян келтіретін мәселенің шешімін адамдар таба алмай жүр еді. Алайда, әлемдік мұхитты мұнай қалдықтарынан тазалау тәсілін тапқан сыңайлы. АҚШ-ның энергетика министрлігіне қарасты ең көне зерттеу орталығы саналатын Аргон ұлттық зертханасының ғалымдары тың тазалағыш ойлап тапты. Қолданылатын материал жақсы таныс болуы ықтимал. Бірақ, оның қасиетін басқаша пайдалану ұйғарылды.

«Олео деп аталатын сорғыштың негізінде - пенополиуретан. Жыл сайын бұл материалдың миллиондаған тоннасы өндіріледі. Бұдан орындыққа арналған жастықшалар мен басқа да заттар жасалады. Бізге құрамын өзгертуге тура келді. Яғни, енді бұл сорғыш тек қана мұнайды сіңіреді»,- деді Аргон ұлттық зертханасының қызметкері, Сет ДАРЛИНГ.       

¤Мұхиттың бетіндегі мұнайды тазарту қиын жұмыс болса да, істеуге болатын шаруа. Тіпті, тереңде қалғып жүретін мұнай бұлттарымен де күресуге болады. Сорғыштың басты ерекшелігі - екі қайтара қолдануға болады. Сіңіріп алған мұнайды сығып, қайта пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл сорғыш  -  суды мұнайдан арылтатын алғашқы технология. Енді ғалымдар, көлемді зерттеу жүргізу үшін қаржылай қолдау көрсететін адамдарды іздеуде.