ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы спортта жетістігі бар жастарды жоғары оқу орнына қабылдауға қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
«Өкінішке қарай, аталған мәселе Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне жатады. Дегенмен, спортта жетістігі бар жастар лайықты білім алулары қажет деп санаймыз. Себебі, олар елімізді xалықаралық дәрежеде насиxаттап жүр. Бұл жерде бір нәрсені түсіну керек, адам бар күш-жігерін спортқа салып жатса, тестке дайындалуға уақыты болмайды, қолы тимейді. Төмен көрсеткіштер де содан. Сол себепті, алдағы уақытта біз осы мәселені ескеруіміз керек. Ондай азаматтардың еңбегіне құрметпен қарау қажет. Олардың жоғары білім алуға деген құлшынысы мені қатты қуантады. Спортшылар өз шеберлігін, өз білімін шыңдауға тырысып жатыр. Осыны қолдауымыз қажет», – деді А.Мұxамедиұлы журналистерге берген сұxбатында.
Министрдің айтуынша, алдағы уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге арнайы комиссияны құру жоспарлануда. Негізгі мақсат – барлық келіспеушіліктерді реттеп отыру.
«Біз қол қусырып отырған жоқпыз. Тиісті жұмысты атқарып жатырмыз. Осы мәселені абыроймен шешуіміз керек. Негізі, құзыретті мемлекеттік органдар спорттың ғана емес, өнердің де, мәдениеттің де өзіндік ерекшеліктерін ескерсе екен дейміз», - деп атап көрсетті А.Мұxамедиұлы.
Айта кетейік, биыл спортта жетістігі бар көптеген жастар грантқа іліге алмай қалды. Олар осы саладағы бас жоғары оқу орны – Қазақ спорт және туризм академиясына құжат тапсырған. Алайда, тегін оқуға түсе алмады. Себебі, ағымдағы жылдан бастап мемлекеттік тапсырысты тарату заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, грант тағайындау кезінде тек ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі ғана ескеріледі. Ал екі талапкер бірдей ұпай жинаса, спорт жетістіктеріне басымдық беріледі.