«Астана» банкінің салымшылары 30 млрд теңгені шешіп алды

28.04.2018 16:37

«Астана» банкінің салымшылары бірнеше күн ішінде 30 миллиард теңгені шешіп алды. Өйткені, шаруасы шатқаяқтап, сынға ұшыраған банктер енді тығырықтан өз күштерімен шығуға тиіс. Ұлттық банк тарапынан қаржы ұйымдарының әр қадамын қадағалау күшейтілмек. Мемлекет басшысының сынынан кейін, Бас банк екінші деңгейлі үш банкке клиенттер алдындағы бірқатар міндеттемелерді орындауға уақытша шектеу қойды. Бұл салымшылар үшін қаншалықты қауіпті? Отандастырымызға көңіл көншітпейтін банктерден депозиттерін дереу шешіп, өзге қаржы ұйымна ауысу қажет пе?  Банк секторында болып жатқан қазіргі ахуал жөнінде біз экономист сарапшы Мақсат Сералыдан сұрап білсек.

- Мақсат Серікұлы кеш жарық! Өткен аптада президент төмен көрсеткіш берген 3 банктің атын жариялап, оларды қатаң сынға алған еді. Осы сыннан кейін банк саласында болып жатқан қазіргі ахуалға қандай баға бересіз?

- Қайырлы кеш, Өмір! Өте орынды сұрақ. Бізде қазіргі таңда банк секторы осы уақытқа дейін біз өте мықты, қарқынды дамып келе жатқан жүйелердің бірі деп ойладық. Бірақ, өкінішке орай, олай емес болды. 2008 жылғы дағдарыстан бастап, бізге нақты қаржылық сектордың әлсіз екендігін көрсетті. Соның бір көрсеткіші қазіргі таңда, міне, біз қазір көріп отырғандай жыл сайын банктердің Ұлттық банктен қарыз сұрауымен немесе Үкіметтің қарыз сұрауымен өтіп жатыр. Оның барлығы тікелей қазіргі таңда шетелдік компаниялардан, шетелден банктердің қарыз алуымен тікелей байланысты болып отыр. Өйткені, бұл шетелден қарызды тек қана доллармен алады. Қазіргі таңда салыстыратын болсақ, екінші деңгейлі банктердің шетелдік қарызы 6 млрд доллардан асты. Бұл жыл сайын өсіп келе жатыр. Ал долларды сәйкесінше қарызды доллармен қайтарады. Ал біздің экономикамыз теңгемен жұмыс істейтін болғандықтан кейін теңгенің салымшыларға депозиттік несиелері барлығы теңгемен берілетін болғандықтан кейін, банк те осындай бір белгісіз алған қарызы екі еселеп қайтаруға тырысады. Екі еселеп қайтарады. Сондықтан олардың барлығының қайтару мүмкіншілігі төмендейді де бұлар мемлекеттен көмек сұрайды. Яғни, құтқаруын сұрайды мемлекеттен. Өздеріңізге белгілі болып жатқандай, өткен жылдың өзінде 600 млрд-қа жуық теңге 5 банкке берілген болатын. Енді биылғы жылы да тағы да 2 млрд-қа жуық теңге бюджетке салынып отыр екен. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Елбасы дұрыс айтты, қазіргі таңда нарықтық экономика. Бәсекелестік экономика. Сондықтан нарықта өмір сүре алмайтын банктер менің ойымша олар өздерінің жұмысын тоқтатуы тиіс. Өйткені, қазіргі тағда бізде ҚР-да 34 банк қызмет жасап отыр. 18 млн халыққа бұның өзі жеткілікті деп ойлаймын. Сондықтан таза бәсекелестік жолға, таза экономикалық бәсекелестікке жол ашылды деп ойлаймын.

-Бұл ахуалдан банктердің өзінен бөлек кім зардап шегеді? Әңгіме, әрине, қарапайым салымшылар жөнінде. Қазақстан азаматтарына тығырыққа тірелген қаржы ұйымдарынан қаншалықты зиян келуі мүмкін?

- Енді бізде қазіргі таңда ҚР-ның заңнамасы бойынша тікелей қазір зардап шегіп отырған банктердің жағдайынан бұл олардың салымшылары. Енді мемлекет қазіргі таңда 10 млн теңгеге жуық салымшылардың депозиттік шоттарын қайтарады. Ал қалған ақша ол сот шешімімен қайтаруға тиісті болып есептелінеді. Енді қазіргі таңда біз қарастыратын болсақ, бұл салымшыларды тікелей осындай жаңалық естігеннен кейін барлықтары өзінің банктеріне барып, ақша шоттарын шешуге тырысып жатыр. Бірақ, өкінішке орай, бұл мүмкін емес болып тұр. Кейбір банктер өздеріңізге белгілі, шоттарды жауып тұр. Яғни, ақша бермей тұр. Енді бұның барлығы болашақта белгілі болады қалай болатындығы. Мемлекет көмектесетін болса, сәйкесінше, ақша қайтадан қайтарылады. Ал егер де көмектеспейтін болса, бұл банктердің өзінің лицензиясын төмендету немесе нарықта белгілі бір деңгейде үлесін қатты төмендетуіне әкеліп соғады. Енді қазіргі таңда бұл банктерді біз алып қарастыратын болсақ, бұл банктердің борышкерлерге деген қарыздары өте жоғары болып тұр. Және банктің өзіне тиесілі қаражатының төмендігінен болып тұр. Егер де осы уақытқа дейін банктер тиімді дамып, өзінің қаражаттарын көп мөлшерде көбейтетін болса және олардың сырттан алып жатқан қарыздарының төмендігі болатын болса, онда бұндай жағдайға жетпес еді.

-Енді дәл қазіргі жағдайда сынға алынған банктердің салымшылары не істеу керек?

- Енді дәл қазіргі жағдайда бұл қалай болатындығын бақылау керек. Қалай болып жатқандығын көріп отыру керек. Мемлекеттің тарапынан егер де жаңағыдай банк, банк мәлімдеме жасауы керек. Біз осы банк өзіміздің жұмысымызды тоқтатамыз немесе борышкерлерге сәйкесінше өзіміздің адамдарымызға қаражатты қайтара алмайтындай жағдайда онда мемлекет қайтарады деп. Ал егер де одан да жоғары қаражаттар болатын болса, онда соттың шешімі арқылы ары қарай банктің мүліктерін тәркілеу арқылы солай ақшаларды қайтаруға болады.

-Демек күткеннен басқа амал жоқ қой?

- Ия, міндетті түрде қазір күту керек. Өйткені, әлі ерте белгілі бір қорытынды жасауға. Қазіргі таңда мемлекеттің тарапынан ақша бөліну, бөлінбеу туралы нақты шешім айтылған жоқ. Сондықтан жаңағыдай банктер қосымша тағы да сырттан қарыз ақша тарту арқылы немесе жаңағындай банктің иелері бар бар. Иелері ақшаны өз қаражаттарынан құюы мүмкін.

-Бізде қазір «сенімді банк» деп қандай банкті атауға болады? Отандастарымыз банкті қандай көрсеткіш бойынша таңдағаны дұрыс?

- Енді банкті таңдаған жағдайда біз бірнеше көзқарасқа бөлуіміз керек. Бірінші - банктің өзін-өзі қамтамасыз ете алуы. Жылдық, өсім шарттары және банктің салымшыларының көлемі. Қазіргі таңда банк екі секторда жұмыс жасап тұр. Кейбір банктер бар, тек қана тұтынушылық несиелермен айналысатын банктер. Олардың қазіргі таңда көрсеткіштері жақсы. Кейбір банктер бар, мысалы, аралас көрсеткіштері болып тұр. Мемлекеттік үлесі бар банктер бар. Сондықтан нарықта ұзақ уақыт жұмыс жасап келе жатқан өзінің қаражаты толыққанды жеткілікті және белгілі бір деңгейде мемлекеттің үлесі бар банктер, қазіргі таңда солармен жұмыс жасаған тиімдірек.

-Мақсат Серікұлы, сұхбатыңызға рахмет! Банк секторындағы қазіргі ахуал жөнінде сұхбат беріп, бізбен тікелей байланысқа шыққан экономист сарапшы Мақсат Сералы.