Astana Digital Forum-да ғаламтор арқылы табыс табу жайы талқыланды

06.10.2017 в 02:13

Ғаламтордан қалай пайдаға кенелуге болады? Astana Digital Forum-да осы мәселе сөз болды. Сарапшылар YouTube және Facebook сынды әлеуметтік желілерден ақша табудың жолдарымен бөлісті. Интернет кәсіптерінің ерекшеліктерін қозғап, осы саладағы соңғы жаңалықтар да айтылды. Айта кетейік, 2021 жылға қарай 2 миллионнан аса қазақстандық жоғары сапалы ғаламтормен қамтамасыз етіледі. Қазірдің өзінде тың кәсіпті пайдаланушылардың саны күн санап артып келеді.


«Digital маркетинг саласында жүрген ірі компанияларды осы жиынға арнайы шақырттық. Мақсат бір - отандастарымызды жаңа трендпен таныстыру, сандық экономикадағы өзгерістермен құлақтандыру. Осының нәтижесінде Астанада Digital жобалар ашылса, біздің мақсатымыздың орындалғаны», - деді ұйымдастырушы Виктор ЕЛИСЕЕВ.