Астана қаласындағы «Хайвил» тұрғын үй кешенінде өрт салдарынан 4 адам көз жұмды

17.07.2017 21:12

Астана қаласындағы «Хайвил» тұрғын үй кешенінде өрт салдарынан 4 адам көз жұмды. Бұл туралы Ішкі Істер Министрлігі Төтенше Жағдай Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді. Тілсіз жау таңғы сағат бес шамаларында  24 қабатты кешеннің 9 қабатынан шыққан. Тексеру барысында, пәтер ішіндегі адамдар иістен уланып көз жұмған деген болжам бар. Өйткені, бөлмелерде тек жиһазбен, түрлі тұрмыстық техникалар өртеніп кеткен. Соңғы ақпарға сүйенсек, бақилық болған  4 адамның аты-жөні анықталған. Аталмыш оқиғаға орай, бүгінгі таңда тексеру амалдары қолға алынды.

«Өртті сөндіру кезінде 4 адамның мәйттері табылды, оның ішінде екеуі ересек, екеуі бала. Бүгінгі таңда өрттің шығу себептері анықталуда, және де алдын ала себеп деп біз сым тетіктердің қысқа тұйықталу деп санаймыз»,- деді Қазақстан Республикасының ІІМ тжк ресми өкілі, Руслан ИМАНҚҰЛОВ.


Астана