Астана маңында мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

05.06.2017 14:52

Астана маңында мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. 9-шы сыныпты биыл тәмамдаған Меруерт Жақсылықованың өлі денесі өз үйінен табылған. Жеткіншек өзін өлімге қиярдан бір күн бұрын қорытынды емтихан тапсырыпты. Құзырлы орындар бұл қадамды суицидқа балап отыр. Меруерттің ата-анасы да, ұстаздары да қыздың неліктен мұндай қадамға барғанын білмей дал. Осы іске қатысты қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Назым Мәлікқызы сөз алады.

Талапкер ауылының сыйлы әулеті бүгін қара жамылды. Жастайынан өмірмен қош айтысқан Меруерттің бұл шешімі ата-анасы мен ұстаздарға жұмбақ болып отыр. Құрбысы Мерейде әлі күнге дейін оның жоқ екеніне сенер емес.Айтуынша, бойжеткен өте ашық, мінезі жайдаролы болған. Айналасындағы адамдар оның ешбір жат қылық, оғаш әрекеттерін байқамаған. Тіптен біреумен қатты сөзге келгенінде көрмеппіз дейді, сыныптастары. ¤

«Меруерт негізі жақсы қыз. Күнде күшті көңіл күймен жүреді. Қуанып сабақты жақсы оқыды. Біз каждый переменада жүретінбіз. Бәріміз жақсы араласамыз. Мерекелер болса бірге жүреміз»,- деді Сыныптасы, Мерей ТҰРСЫНХАН.¤

Жеткіншекті бала кезден тәрбиелеп келе жатқан класс жетекшісіні оқушысының о дүниелік болғанына сене алар емес.  Өте силы, әрі толық отбасынан шыққанын тәрбиелі қызды соңғы рет емтихан тапсырған сәтте көрген. Алғашқылардың бірі болып, билетке жауап берген еді дейді. Сол күні үйге қайтарында да күлімдеп, жайдары жылы қоштасқан. 

«5 сыныптан бастап алып келе жатырмын класс жетекшісі болып. Класс жетекшісі ретінде мен ешқандай ауытқулық байқаған жоқпын. Қазақстан тарихынан өзіне тиесілі бағасын алды. Екпінділер қатарында болды дедім ғой. Өте көтеріңкі көңіл күймен кетті. Өзінің бағасына риза болды»,- Сынып жетекшісі, Гүлнәр ИМАНБАЛИНА.¤

Кей баспасөз беттерінде Меруерт «қазақстан тарихынан» емтихан тапсырғаннан кейін қайтыс болды деген ақпар тараған болатын. Мектеп директоры бұл жала жабу және қауесет деп отыр. Себебі, қыз 30 мамырда емес, 31 күні көз жұмған. 

«Бұл қауесет мен қарсымын.Өйткені, бала тарихтан толық 4 пен 5 оқитын бесінші сыныптан бастап. Өзінің тиісті бағасын алды. Бала емтиханнан қуанып шықты. Мен өзім кіргізіп, емтихан тапсырғаннан кейінде баланы көрдім. Бала кетіп бара жатқанда да өзім тілдескен оқушының бірі Меруерт еді»,- деді Мектеп директоры, Сағымбала ӘБЕЕВА.

Күні кеше құзырлы орындар мен білім өкілдері суицид деңгейі төмендеп, бала өлімі кеми бастады деп оқу жылын қорытындылаған еді. Бірақ, соңғы айда Меруерттің оқиғасы алғашқы жағдай емес. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақтөбе қаласында мамырдың 29 күні 17 жастағы бойжеткен 8 қабаттан секіріп кеткен еді. 

«Неге мұндай жағдайлар орын алуда? Неге қоғамда қызу талқы болып отыр. Өйткені, қоғам бұл ортаға араласа бастады.Тіпті ашық айта бастады. Осыдан 5-6 жыл бұрын бұл тақырып қозғалмайтын. Азаматтардың бүгінгі таңда көзқарасы өзгеріп келеді.Егер статистикаға жүгінер болсақ, мұндай оқиғалар төмендеп келеді»,- деді Жасөспірімдермен жұмыс бөлімі полициясының басшысы, Әсет ОСПАНОВ.

Өз өзіне қол жұмсаған бойжеткеннің бұл қадамын ата-анасы мен мұғалімдер түсінбей дал болуда. Ал, жаңа оқу жылын сыныптастары алдағы уақытта Меруертсіз бастайтын болады. Себебі, отбасы денесін жер қойнауына тапсырды.

Назым Мәлікқызы, Өміржан Шарғынов, «Алматы» арнасы Ақмола облысынан