Астана төрінде бүкіл дін көшбасшыларының отырысы өтті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбашылары сьезі хатшылығының 16 отырысында ланкестік әрекеттер, діни мәселелер сөз болды. Алғы сөз сөйлеген Парламент Сенатының төрағасы Қасым Жомарт Тоқаев ұлттар арасындағы ауызбіршіліктің арқасында бейбіт өмір сүру маңызды екеніне тоқталды. Аталмыш сьезд діни көшбасшылардың өзара пікір алмасып, түйіткілдерді бірлесе шешуге, байланыс орнатуға жол ашатынына сенімін білдірді. Сонымен қатар, әлемдік деңгейде әлі де болса шешілмеген маңызды мәселелердің басын шалды. Мәселен, Сириядағы қақтығыстарды тоқтату, Украинада орын алған жағдайлар күні бүгінге дейін ізсіз кетпегенін, алпауыт мемлекеттер арасында әлі де болса геосаяси шиеленістің сақталып отырғанын баса айтты.
«Біз барлығымыз біріге діни көшбасшылар мен саясаткерлердің өзара қарым-қатынасының әрі қарай дұрыс нығаюына бар күшімізді салып отырмыз. Өткен жылы «Дін лаңкестікке қарсы» деген атаумен ұйымдастырылған конференция да әр түрлі елдің депутаттары бас қосты. Біз осы жолдан таймауымыз керек.Сирия мен Украинада болған жағдайлар ізсіз кетпеді.Ауызбіршілік жоқ жерде бейбіт өмір жоқ», - деді ҚР Парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.
Иран елінің өкілі мен БҰҰ өкілі Мэтью Ходста Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірін қолдаймын деді. Діни аралық мәміле әлемдегі түйіткілдерді тоқтатуға сеп болмақ. Ендігі жүздесу 2018 жылдың 10-11 қазанына белгіленді. Отырыс Астана қаласында өтпек. Айта кетейін, жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы атынан бірқатар дін басшыларын «Шапағат» медалімен марапаттады. Сондай-ақ кейбіріне Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медалін табыс етті.
«Экстремиз мен ланкестік әрекеттер бүкіл әлемді қамтыды. Қоғам бір - бірінен алшақтап барады. Бүгінгі таңда террорлық жағдайлар географиялық ерекшелікке, яғни, шекара таңдамайтын болды. Шығыс пен Батыстың мазасы кетті. Бұл жағдай әлемдік проблемаға айналып отыр», - деді Мәдениет және Исламдық байланыстар жөніндегі ұйым президентінің орынбасары Гахраман СОЛЕЙМАНИ (Иран).
«Діни көшбасшылар әлемдік деңгейде бейбітшілік пен ауызбіршілікті сақтау үшін бар күшін салу қажет. Тек сіздердің ұдайы жұмыстарыңыздың арқасында зорлық-зомбылыққа алып келген ланкестік әрекеттердің тамырын жоюға мүмкіндік бар. Мемлекеттік секторда қызмет атқарамыз. Дәл осы мәселе бізге де таныс», - деді БҰҰ өркениеттер альянсының директоры Мэтью ХОДС.