Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады

14.02.2018 23:38

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады. Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, кездесуде бас қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және Астананың 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы айтылған. Сондай-ақ Елорда әкімі негізгі капиталға тартылған жеке инвестициялар көлемінің ұлғайғанын және Астанадағы инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы, қала маңында жаңа жолдар салу жоспары туралы мәлімдеді. Өз кезегінде, Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқа өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп салынған бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысына қатысты жұмыстарға оң бағасын берді. Елбасы әкімге нақты тапсырмалар жүктеді.