Астанада 3 жасар бала көпқабатты үйден құлап, мерт болды

Астанада 3 жасар бала көпқабатты үйден құлап, мерт болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанадағы тұрғын кешенінің бірінде қайғылы оқиға орын алды. Тапа-тал түсте белгісіз себептермен жалғыз қалған 3 жасар балақай 16-қабаттан құлап, мерт болды. Бұл жыл басынан бері елордадағы алтыншы оқыс оқиға. Оның екеуінде балалардың ата-анасы зар жылап қалған.

«Рахат» тұрғын үй кешеніндегі қайғыны бүкіл аула естіген. Көрші-қолаң баланың 16-шы қабаттан құлағанын хабардар. Оларға сенсек, балақай баспалдақты маршта ойнап отырған жерінде төменге ауып кеткен. Бұл Астанадағы жыл басынан бері алтыншы оқиға. Екі бала мерт болды.

«Соңғы уақытта балалардың көпқабатты үйден құлау оқиғалары жиілеп кетті. Көбіне оған ата-ананың өз баласына қарамауы мен ағаттығы себеп. Кешегі 3 жасар баланың өліміне қатысты айтсам, ол терезеден емес, баспалдақ маршынан құлаған. Біз әр балақайға жеке құтқарушыны байлап қоя алмаймыз. Ата-ана жауапты болу керек»,-деді ҚР Ішкі істер вице-министрі  Юрий ИЛЬИН.

Ал төтенше жағдай мамандары үйдегі баланы даладағы өз қатарластарының күлкісі мен айқайы шақырады, - дейді. Одан басқа, үлкендер терезенің алдына бала сүйеніп, мініп кете алатын орындықтар мен биік заттар қоятындығын да айтады.

«Бұл қауіпке 3 пен 7 жас аралығындағы балалар тәуелді болып келеді. Кішкентай балалар қауіптілік деңгейін көбірек бағалай білмейді. Үлкендердің арасында дұрыс ақыл-кеңес, түсіндірме жұмыс жүргізілмейді»,-деді Астана қ. ТЖД төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы Еркін ОТАРҒАЛЫМҰЛЫ.

Сол себепті бала далаға ұмтылады екен. Бірақ нәрестені биіктен құлауынан сақтайтын тағы бір әдіс бар. Әрине, әңгіме арнайы қауіпсіз терезелер жайында. Дегенмен ересектер ескі терезені ауыстырып, пластикалық баламасына өткенде, тек шыбын-шіркей арналған торды қауіпсіз,  деп, әрі қарай жасамайды екен.

«Жазда терезе сатып алушылар көбейетіні рас. Бүгіннің өзінде 20 отбасы келді. Олардың біразы бала қауіпсіздігі,- деп келгенімен, артық ақша жұмсағысы келмейді. Кәдімгі пластикалық терезелерден бөлек, қауіпсіз деңгейде ашылатын, арнайы жібі мен кілті бар, ересекке ғана бағынышты есіктерді артық бағаға сатып алудан бас тартып жатады. Стандарттысына, арзанына қызығыда. Ал сондағы баға айырмашылығы 2-3 мың теңге», -деді терезе жабдықтарын сататын компания өкілі Ольга МОСЕНЕЦ.

Ішкі істер департаментінің мәліметінші, өткен жылы кішкентайлардың абайсыздан төменге құлдилауының 26 фактісі тіркелген. Оның 4-і дәрігерлер келмей тұрып, жан тәсілім еткен.


Новости партнеров