Астанада 33 жастағы ер адамды өлімші етіп сабап кетті

Астанада 33 жастағы ер адамды өлімші етіп сабап кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада 33 жастағы ер адамды өлімші етіп сабап кетті. Әлеуметтік желіде оқиғаға байланысты таратылған бейнежазба қазір қызу талқыға түсуде. Алайда, адамды банктен шығарда бауыздап кетті деген ақпар шындыққа жанаспайды. Елордалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары оқиға орнынан 35 жастағы ер адамды ұстаған. Күдіктінің бейтаныс кісіге жұдырық ала жүгіргенін, оны тепкілеп ұрғанын, ол адамның мас болып қорлағанымен байланыстыруда. Ал соққыға жығылған 33 жастағы азаматқа ашық бас-ми және кеуде тұсының жарақаты деген диагноз қойылған. Қазір тиісті сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда. Бұдан бөлек, соққыға жығылған азаматтың ақшасы қолды болды деген дерек те тексеріліп жатыр.

«Ұсталған күдіктінің айтуы бойынша, кешкі сағат 6 шамасында өз машинасынан шығып келе жатқанда бір мас азамат оған балағат сөздер айтып, екеуінің арасында жанжал туып қалады. Соның нәтижесінде ұсталған азамат бірнеше дене жарақатын алады. Қазіргі таңда 33 жасар зардап шегуші ауруханаға жеткізіледі. Оның диагнозы бас миына зақым келген. Қазіргі таңда барлық тергеу амалдары жүріп жатыр»,- деді Астана қаласы ІІД ресми өкілі, София ҚЫЛЫШБЕКОВА.


Новости партнеров