Астанада 500 домбырашы Құрманғазының күйлерін бір мезетте орындады

03.05.2018 03:50

Астанада мереке  күндері «Ұлы дала үні» атты домбырашылар флешмобы өтті. Бір мезетте 500 домбырашы «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Ерке сылқым» күйлерін орындады. «Бәйтерек» монументінің алдында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткен шараға  кәсіби оркестр өкілдерінен бөлек, танымал айтыскер ақындар, өнер ордаларында оқитын студенттер, оқушылар мен қарапайым тұрғындар қатысты. Қалалық мәдениет және спорт басқармасының бастамасымен өткен флешмоб қазақ халқының мәдениеті мен музыкасын дамыту, патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталды.