Астанада 6 жасар қызды зорламақ болған күдікті тұтқындалды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, қаршадай қызды зорламақ болған ер адамды жаңа вокзал жанында құрылысшылар қолға түсірген еді. Кейіннен, күдіктіні полицейлерге тапсырған болатын. Елордалық тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, педофил жеткіншекті аудан орталығынан бос жатқан өндіріс орнына қарай алдап, алып кеткен. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 48 жастағы ол бұрын да істі болған екен.